Менің ұстаз болып істегеніме 3 жыл болды. Жас маман ретінде өз білімімді жетілдіру мақсатында түрлі жобаларға, сайыстарға, курстарға барып отырам. Мен Абай атамыздың "Үш нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деген сөзін өз ұстанымым ретінде алдым. Менімше осы қасиеттер әр ұстаздың бойында болу керек.