Өткен сабақта белдемшенің етегін бүгіп аяқтадық. Енді сол бойынша техникалық қауіпсіздік ережесін тағы бір еске түсіріп қайталап өтейік.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Енді бүгінгі сабағымызда ұлттық бұйымдар, ою - өрнек түрлері туралы өтпекпіз.
Қазақтың қандай да болсын бұйымдары ұлттық өрнектермен әшекейленіп, көркемделеді.Осы әшекей түсіре білудің өзі –үлкен шеберлік. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейді. Әшекей салудың өзіндік ерекшеліктері бар. Әшекейлеудің өзінің орындалу техникасы мен технологиясы бар. Камзолда, бешпентте, бас киімдерде көздің жауын алатын өрнектердің орындалу технологиясын қарастырайық. Олар көбінесе жапсырмалау арқылы орындалады. Жапсырма үшін алтын, күміс түсті жылтырақ маталар қолданылады. Жапсырмалауды орындамас бұрын жапсырманы киімнің қай тұстарына орындау керек екенін білген жөн.