Мен Абдиков Нурлыбай Қазақстан Республикасының Қостанай облысы, Жангелдин ауданында Торғай селосында Ы.Алтынсарин мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, әр ұстаз өз шәкірттеріне терең білім беріп, өз шығармашылығын жетілдіруге тиіс. Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті
жинақтаса, ол нағыз ұстаз болып қалыптасады деп есептеймін.